Ақтөбеде екі жасөспірім суға батқан баланы аман алып қалды
Ақтөбеде екі жасөспірім суға батқан баланы аман алып қалды
5,101
оқылды
Ақтөбе қаласында екі жасөспірім өзенге батып бара жатқан баланы құтқарды. Оқыс жағдай 28 мамыр күні болған. 17 жастағы студент Қарғалы өзеніне батқан баланы көріп, оны құтқаруға асығады. Кейін суға секіріп, баланы өзеннен алып шықты. Осы кезде олардың қасына 15 жастағы мектеп оқушысы келіп, көмек қолын созады. Өзеннен алып шыққан бала біраз уақыт ес-түссіз болған. Көп су жұтып қойғандықтан, жасөспірімдер оның жүрегіне массаж жасап. Жасанды тыныс алдырды. Осылайша екеуі баланы аман алып қалды. Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері келді, олар баланы облыстық балалар ауруханасына алып кетті.