Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші алтын түсті
Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші алтын түсті
Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар төртінші алтынды жеңіп алды,  – деп хабарлайды Olympic.kz. 54 келіде сынға түскен Дина Жоламан өзбекстандық Ситора Шогдарованы жеңіп, Қазақстан құрамасы кезекті алтынға қол жеткізді. 64 келіде жұдырықтасқан Римма Волосенко индонезиялық қарсыласы Хусватун Хасанды жеңді. Қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберген соң төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты.  Осылайша, Қазақстан командасының қоржынындағы алтындар саны төртке жетті. Бүгін финалға шыққан спортшылар сапынан Владислава Кухта ғана күмісті қанағат тұтты.