Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-30.05.2021
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-30.05.2021
85
оқылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 31 мамырда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 31 мамыр – 1 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.  Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 31 мамырда найзағай, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.