31 мамырға арналған ауа райы болжамы
31 мамырға арналған ауа райы болжамы
5,100
оқылды

Циклонның әсерінен кей жерлерде найзағай мен жаңбыр жауады. Елдің тек шығысында антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады. Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысында өрт қаупі бар.