Рахат Бекболат 17 жасында әлем чемпионы атанды
Рахат Бекболат 17 жасында әлем чемпионы атанды

Қызылордалық спортшы 102 келіде сынға түсті. Ол жалпы 377 (175+202) келі көтерді. 2-3 орынға болгариялық Василь Маринов пен грузиялық Заза Ломтадзе ие болды.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылордада дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан Қазақстанның спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.

Ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «Ең үздік спортшысы» атанған.