Жүргізуші автокөлігімен Жайық өзеніне батып кетті
Жүргізуші автокөлігімен Жайық өзеніне батып кетті
133
оқылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 30 мамыр күні Ақжайық ауданы Есенсай ауылы тұсында Жайық өзенінде болды.

Сағат 15.24-те Есенсайдан Чапаевқа қарай жеткізетін паромдағы тежегіштің ақауы салдарынан «ВАЗ-2121» автокөлігі суға кетті. Оның ішінде 49 жастағы жүргізуші болған. Сағат 19.14-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 адам, 1 техника) жүргізушінің мүрдесі мен автомобиль судан шығарылды.

Тағы бір қайғылы оқиға жексенбі күні Бәйтерек ауданы Переметный ауылында болды. Сағат 19.00-де Деркөл өзеніне шомылған 24 жастағы жігіттің денесін куәгерлер алып шыққан.

Бұған дейін Ақтөбеде екі баланың суға батып кеткенін жазған болатынбыз.