Әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан басына оқ атты
Әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан басына оқ атты

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы хабарлады.

«29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Соның салдарынан әскери қызметкер қайтыс болды». Қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты.