Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға қанша жәрдемақы төленеді?

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға қанша жәрдемақы төленеді?

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 14,9 млрд. теңге төленді. 1921 - 1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. ГУЛАГ құрылымындағы ең ірі лагерлер – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг Қазақстан аумағында болғаны белгілі. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн.-нан астам адам жер аударылды. 1930 - 1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматтары үшін жер аударатын аймақ болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың корейлер, түріктер, ирандықтар, күрдтер және әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында елге неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балкарлар, Қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударды. Олардың саны – 1 млн. 200 мың адам. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңға сәйкес, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған және заңға сәйкес ақталған адамдарға көрсетілген жерлерде болуының әр айы үшін, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлігі, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

2003 - 2020 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 188 теңгеден (3/4 АЕК) 291 700 теңгеге (100 АЕК) дейін белгіленген.

2021 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 796 мың теңге көзделген. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге әлеуметтік төлемдердің басқа түріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді (2021 жылы – 3 122 теңге). 2005 - 2020 жылдары 12 млрд. теңге сомасында жәрдемақы төленді. 2020 жылы МБК төлемі 1 млрд. 180 млн. теңге болды. Биыл АМЖ төлеуге 1 млрд. 259 млн. теңге бөлу жоспарланған. Оны 32 229 адам алады. Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек береді.

Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 230 азаматқа 5 834 (2 АЕК) бастап 43 755 теңгеге (15 АЕК) дейінгі мөлшерде 198,4 млн. теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілмек.