Түркістандық 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңді
Түркістандық 99 жастағы соғыс ардагері коронавирусты жеңді
205
оқылды

Тарқатып айтсақ, дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен Ленгір қаласының тұрғыны Капустина Александра есімді кейуанаға екі жақты полисегментарлы пневмония диогнозы қойылған. Аты жаман ауруға алдырмаған сүйегі мықты ардагерді дәрігерлер ауруханадан үлкен құрметпен шығарып салды.

Түркістан облысы Леңгір қаласының 99 жастағы тұрғыны Капустина Александра Петровнаға коронавирус диагнозы осыдан екі апта бұрын қойылған. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып, әлсіреген. Ол шұғыл түрде Леңгір қалалық ауруханасына жатқызылады. Ауруханаға науқас екі жақты полисегментарлы пневмониямен түскен. Дәрігерлердің жедел жүргізілген емдік шараларының көмегімен, екі апта ем қабылдаған қария коронавирустан құлан-таза айықты. Денсаулығының мықтылығының арқасында оған өкпенің жасанды дем беру аппараты қажет болмаған. Әжей коронавирустан сауығып шықты. Ардагерді аурухана дәрігерлері ерекше қошаметпен шығарып салды. Айта кетейік, 1922 жылы дүниеге келген қарт әже – Екінші дүниежізілік соғыстың ардагері.

«Госпитальге өте ауыр халде түстім. Өзімді нашар сезініп, өте мүшкіл халде едім. Мені шұғыл түрде осында алып келіп, емдеді. Мұнда мен адамның адамға деген қамқорлығын сезіндім. Барлық дәрігерлерге алғыс айтамын», –дейді 99 жастағы соғыс ардагері.