Тауда жоғалған студенттерді іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да атсалысып жатыр
Тауда жоғалған студенттерді іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да атсалысып жатыр

Түркістан облысы Төлеби ауданында тауда жоғалған екі туристі іздеуге өзбекстандық құтқарушылар да көмекке келді. Бұл туралы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев айтты.

Оның айтуынша, көрші елдің құтқарушылары іздеу шараларын кешеден бастап жүргізіп жатыр. «Іздеу шаралары басталғалы бері 350 шақырымнан аса аумақ жаяу араланды. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы 170 шақырымға жуық аумақ зерттелді. «ҚазАвиақұтқару» екі тікұшақ арқылы 3400 шақырым аумаққа әуеден бақылау жүргізілді. Қазіргі таңда іздеу жұмысына ТЖД, полиция, ҰҚК Шекара қызметінің шекарашылары, ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылған. Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, кешеден бастап Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, ТЖ бас басқармасының қызметкерлері де атсалысып отыр. Іздестіру жалғасады», – деді Ерік Сарыбаев.

Бұған дейін Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жоғалып кеткен студенттер туралы жазған болатынбыз.