Шарындағы оқиға: оқушыларды құтқарамын деп қаза тапқан мұғалімнің кім екені белгілі болды
Шарындағы оқиға: оқушыларды құтқарамын деп қаза тапқан мұғалімнің кім екені белгілі болды
180
оқылды
Алматы қаласының Білім басқармасы Шарын каньонында оқушы қыздарды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалімнің кім екенін хабарлады. Мерей Ибрагимов өнер пәндерінің педагогы болған. Ол 26 жаста еді. №199 мамандандырылған гимназия ашылған күннен бері сонда 3 жыл жұмыс істеген, жалпы педагогикалық еңбек өтілі 5 жыл. Мектеп ұжымы оның өте жауапты мұғалім болғанын, барша оқушылардың сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері болғанын айтады. Ол сел кезінде балаларды құтқарамын деп қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, Мерей оқушыны судан шығарып алмақ болып, қолынан тартып жатқанда оны селмен ағып келген тас жаншып кетті. 29 мамырда Шарын каньонында сел жүріп, соның салдарынан алты адам жараланып, екі адам қайтыс болды. Олар - мұғалім мен оқушы қыз. Жоғалып кеткен 11 жастағы бір қыз бала келесі күні тірі табылды, қазір ол ауруханада жатыр.