Түркістан - Бішкек жаңа әуе рейсі ашылды
Түркістан - Бішкек жаңа әуе рейсі ашылды
5,087
оқылды
Түркістан қаласынан Бішкекке жаңа халықаралық авиарейс ашылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 31 мамыр күні «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Түркістан – Бішкек рейсі А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рет (1, 4 күн бойынша) орындалады.
«Мәселен, бүгін, 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады», - делінген хабарламада.