Алматы облысында екі адам найзағайдан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қайғылы оқиға Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болған. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Панфилов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, найзағай соққан екі ер адам да Жаркент қаласының тұрғындары.
«28 мамыр күні кешке қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдады. 1965, 2002 жылғы екі ер азамат жаңбыр кезінде ағаштың түбінде отырған. Сол кезде оларды найзағай соққан»,– деді әкімнің баспасөз қызметінен.