Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қоржынына екі күміс түсті
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қоржынына екі күміс түсті
112
оқылды
Қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Даниял Сәбит Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Даниял Сәбит ел қоржынына күміс медальді салды. Финалда Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мирзахметовпен кездескен ол қарсыласына жол берді. Төрешілердің өзара шешімімен отандасымыз финалда жеңілді. Ал 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровпен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында жарақат алуына байланысты, жеңіс қарсыласының еншісіне шешілді.  Даниял Сәбиттің қарсыласы Нодиржан Мирзахметов 2019 жылы Азия биігін бағындырған.