Зерендіде ұлттық парктің қарағайларын баудай құлатқан
Зерендіде ұлттық парктің қарағайларын баудай құлатқан
28 мамыр күні Зеренді ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына хабарласқан орманшы «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының Грибновка орманшылығы аумағында ағаштардың оталып тасталғанын жеткізген.  width= width= Оқиға орнына дереу келген тәртіп сақшылары 36 дана қарағай қалың ағаштың арасында баудай түскенінің үстінен түскен. Шығын сомасы 15 472 теңге көлемінде бағаланды. Орман екпелерін заңсыз кескен деген күдікпен учаскелік инспектор майор Ризабек Қуанышбаев пен учаскелік инспектор аға лейтенант Ардақ Нұрмұқанов Зеренді ауданының бір ауылының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті өз ісін мойындады.  width=  
«Ер адамның айтуынша, оған қоршау орнату, тіректер жасау үшін кесілген ағаштар қажет болған. Ол ағаштарды трактормен шығарып, өз үйінің ауласында түсіріпті»,– дейді Ақмолаоблысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 187-б. 1-б. бойынша «Ұсақ ұрлық» сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы