28 мамыр күні Зеренді ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына хабарласқан орманшы «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының Грибновка орманшылығы аумағында ағаштардың оталып тасталғанын жеткізген.
«Ер адамның айтуынша, оған қоршау орнату, тіректер жасау үшін кесілген ағаштар қажет болған. Ол ағаштарды трактормен шығарып, өз үйінің ауласында түсіріпті»,– дейді Ақмолаоблысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 187-б. 1-б. бойынша «Ұсақ ұрлық» сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы