Павлодарда белгісіз біреу 10 мектеп пен 1 колледжге жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған
Павлодарда белгісіз біреу 10 мектеп пен 1 колледжге жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған
114
оқылды
Павлодар облыстық полиция департаментіне қаладағы 10 мектеп пен 1 колледжге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаладағы оқу орындарына қойылған жарылғыш зат туралы хабар 31 мамырда 17.08-де полицияның электронды поштасына түскен.
"Аталған оқу орнындағы барлық адамдар эвакуацияланды. Тіпті, мектептердің іргелес аумағы да қоршауға алынды. Жедел-тергеу тобының мамандары сол жерлерде жұмыс істеп жатыр", – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлілерге 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (14,6 млн теңге) төлеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.