Лагерьлер балаларға құшағын қайта ашты
Лагерьлер балаларға құшағын қайта ашты
151
оқылды

Балалар үшін ең қызықты маусым басталды. Оқудан қолы босап, ең ұзақ каникулға шық­қан өскелең ұрпақ парктерге, өзен-көл жаққа лап қойды. Бұл кезең мемлекеттен де, ата-аналардан да жоғары жауапкершілікті талап етеді. Өйткені пандемия жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі биыл балалар лагерьлері қайта ашылып жатқанын да жария етті.

Былтыр пандемияға бола олар жұмыс істей алмаған. Бірақ биыл да шектеу бар: «жасыл» ай­мақтағы жазғы лагерьлер – шек­теусіз, «са­ры» аймақтағы ла­герьлерде – 50%-ға, ал «қы­зыл» аймақтағы лагерьлер 30% ғана толық жұмыс істей алады. Бар­цлық персонал 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруы не COVID-19-ға қарсы вак­­цина­лаудың то­лық курсын алғаны туралы құ­­жатын көрсетуі шарт. ДСМ Санитарлық-эпи­де­­­мио­­логиялық бақылау комитеті бас­­­қармасының бас сарапшысы Ин­­дира Басманованың айтуынша, лагерьде демалғысы келетін ба­лада денсаулық жағдайы туралы құ­жаттары – 079/у нысанындағы медициналық анықтамасы, ин­­­­фекциялық аурулары, COVID-19 вирусы жоқтығын айғақтайтын анықтамалар, келуден 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 тес­тінің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс. Ол комитет сайтында талап­тарға сәйкес келетін Қазақстан­­ның балаларды сауықтыру ұйым­­дарының тізімі тұрғанын еске салды. Комитет дерегінше, 2021 жыл­ғы 27 мамырдағы жағдай бойынша елде 12 балалардың сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нор­мативтердің та­­­лап­тарына сәйкес­тігі жөнінде қоры­­тынды алды. Алматы, Пав­лодар, Түркістан облыстарында – бір-бірден, Ақтөбе облысында – 2, Қы­зыл­орда облысында 7 лагерь бар. Сарапшы Санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау коми­тетінің жанында «Қауырт желі» (8 (7172) 74-18-64) жұмыс істей­тінін, балаларға арналған жазғы сауықтыру ұйымының жұ­мы­сында әлдебір кінәрат аны­қталса, соған хабарласуға бо­латынын еске сал­ды.

Елдос СЕНБАЙ