Кәмелет жасын төмендету ұсынылды
Кәмелет жасын төмендету ұсынылды
99
оқылды

Қазақстанда кәмелеттік жасты 18-ден 16 жасқа дейін төмендету қажет екені ай­тылды. Бұл зорлыққа ұшыраған жет­кін­шек­тердің тиісті медициналық қызметке жүгінуіне мүмкіндік беретінге ұқсайды. Дағ­дарыс ор­талықтарының одағы осындай ұсы­ныс айтып отыр.

Одақ мүшелерінің айтуынша, мұндай қадам балаларды әлімжеттіктен қорғап, оңалту шараларын тиімді жүргізуге жол ашпақ. «Жалпы, балаларға ар­налған жабық мекемелер бақылау камераларымен толық қамтылмаған, жеткіншектердің зорлық-зом­былыққа ұшырағанына қатысты шағым түсіретін арнайы желі жоқ. Бұдан бөлек, жабық мекеме қыз­меткерлері кәмелеттік жасқа толмаған тәрбие­лену­шілердің құқығына қатысты білгені аз. Сон­дықтан көп жағдайда бүлдіршіндердің құқығы аяқасты етіледі», – дейді қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Сондай-ақ тұрмыстағы зорлық жасағаны үшін жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке тар­ту әлі қолға алынбаған. Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша, былтыр кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлауға қатысты 199 қылмыс тір­келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге артық.

Мадияр ТӨЛЕУ