«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының білім саласына қатысты көрсеткіштерінің орындалуы, қала және ауыл мектептері арасындағы білім деңгейінің алшақтығын төмендету, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу жолдары бойынша Білім басқармасының басшысы өз жоспарымен бөлісті. Кеңес мүшесі Дәмеш Ускумбаева білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, осы салада кездескен бірқатар кемшіліктерге де тоқталды. Сонымен бірге, отырыс барысында кеңес мүшелерімен білім беру нысандарының құрылыс сапасын бақылау, қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, асханалар мәселесінің шешілуі, педагогтер даярлау, осал топтағы жанұя балаларын компьютермен қамту мәселелері кезең-кезеңімен шешілуіне бақылау жасалынатыны айтылды.А.ЖҰМАШ