4,6 мыңнан астам адам жеке куәліксіз өмір сүріп келген
4,6 мыңнан астам адам жеке куәліксіз өмір сүріп келген

Ішкі істер министрлігі аза­маттығы анық­талмаған адам­­дарды анықтау және құ­­жаттандыру науқаны ке­зін­де 4 686 тұрғынның құжатсыз күнелтіп жүргенін анықтады.

2020 жылғы қыркүйек айы­нан бастап мамыр айына дейін Ішкі істер министрлігі «Адам құ­қықтарының заңды­­­лығын сақ­тау жөніндегі ха­лық­аралық бюро» және «Сана Сезім» әйелдер бас­тамаларының құқықтық орта­лығы» акционерлік қоға­­мымен бірлесіп азаматтығы анық­тал­­­ма­ған адам­дарды анықтау және құ­жаттандыру бойынша ауқымды сәйкестендіру науқанын жүр­­гізген. Көші-қон қызметі коми­­тетінің бөлім басшысы Ғани Шы­­мырбаев осы науқанның ал­­ғашқы қорытындысын жария­­лады. «Акцияның мақсаты – Қазақ­стан аумағында құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО пас­портымен тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу. Құжатсыз адамдардың көбі ТМД елдерінен жарамсыз паспорт­тарымен келген немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспор­ты­ның иелері болған», – дейді Ғани Шы­мырбаев. Науқан нәтижесінде 4 686 құ­жатсыз адам анықталған. Олардың көпшілігі – Алматы (599), Қара­­ғанды (541), Түркістан (426), Ақмола (326), Жамбыл (350) облысында тұрады екен. Оның ішінде 2 431 адамға ҚР азаматының құжаты, 977 тұлғаға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріліпті. Кейін олар азаматтыққа қол жет­кізген. «Құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен науқан жұмысы аяқталғанына қарамас­тан, аумақтардағы көші-қон қыз­меті құжаттандыру жұмысын тұрақты түрде жүргізе береді», – деді Ғани Шымырбаев.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ