Балаларға – тегін кино

Балаларға – тегін кино

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кинотеатрда фильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды.

Мұндай шараны Бостандық ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Бостандық ауданы әкімінің өкілі Дина Білдібаеваның айтуынша, алғашқы көрсетілім 28 мамырда өткен. 31 мамыр күні кешке тағы бір көрсетілім жоспарда тұр. Бұл шараға 260 бала шақырылған. Оған қоса балалар мереке қарсаңында  «Қиял әлемі» саябағында көңіл көтерген. 300 бала аталған саябаққа барған. Жақын күндері оларға арнап Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне экскурсияға ақысыз кіру және Алматы зообағына бағына саяхат ұйымдастырылады.

А.ЖОЛДАС