Айсамалдың алтыны
Айсамалдың алтыны
127
оқылды

Ташкентте ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде ел қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Қазақстандық ауыр атлет Айсамал Сансызбаева қыздар арасында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 258 (113+145) келіні бағындырды. Екінші орынға ресейлік Виктория Орлова (235 кг) жайғасса, үздік үштікті канадалық Эмма Фризен (215 кг) қорытындылады.

А.ЖАСАНҰЛЫ