Балық қорын қорғаушы құзырлы органдар Каспий теңізі жағалауынан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, автокөліктер мен жүзу құралдары, қаруға дейін дайын тұрған орынды анықтады.
«Бекіре-2021» балық қорғау акциясы шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері әуе техникасын пайдалана отырып, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында рейдтік іс-шаралар өткізді. Олар іс-шара аясында Жылыой ауданында Терен-өзек кен орнына жақын жерде тікұшақпен ұшу барысында қамыс қопасының арасынан бірнеше адамға арналған төсек-орындар мен киімдері бар браконьерлік базаны анықтады. Ол жерден газ баллоны, тамақ және су қоры, рация және тіркеу нөмірі жоқ тегіс ұңғылы мылтықтар табылды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы берген мәліметке сүйенсек, сондай-ақ базаның жанында «Марш» моделі үшін жоғары өтімді дөңгелектері бар екі қолдан жасалған жерүсті көлігі және үш жүзу құралы, нақты айтқанда резеңке қайықтар табылды. Қайық ішінде «Қытай» өндірісінің монофиламентінен синтетикалық аулары бар 7 қапшық болған. Әдейі жасақталған орын жиналып алынып, онда болған материалдар мен заттай дәлелдемелер құқық қорғау органдарына жолданды.Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы