Қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы келіншек қамауға алынды.
Тергеу басталды. Оның бала сатпақ болғанын полицейлер кезекті мониторинг жүргізу барысында анықтаған.«Осы дерекке қатысты Түркістан қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 миллион теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті», – дейді полицейлер.
Бұған дейін 10 айлық баласын аяусыз ұрып-соққан әйел туралы жазған болатынбыз.