Алматыда екі ұшақ соқтығысты
Алматыда екі ұшақ соқтығысты
171
оқылды

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні болған. Екі ұшақ та Air Astana компаниясына тиесілі.

«Ангардың техникалық тұрағы маңында техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ұшақты тіркеп, сүйремек болған кезде А320 ұшағы шарклетімен Boeing 767 ұшағының стабилизаторын жанап өтті. Қазір екі ұшақты да жөндеп жатыр. Тергеу басталды», – дейді компания өкілі.

Бұған дейін екі үлкен сөмкесі бар жолаушы ұшақта жанжал шығарып, жолаушылар Алматыдан астанаға уақыты жете алмай қалғанын жазған болатынбыз.