Қытайдың CoronaVac вакцинасының 500 мың дозалық алғашқы партиясы Бейжіңнен Алматыға әкелінді. Бұл туралы ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Асқар Шоқыбаев айтты.
Вакцинаны қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтика компаниясы өндірген. Ол арнайы бортпен жеткізілді. Бұл елімізде қолданылатын төртінші вакцина болмақ.CoronaVac вакцинасын Қазақстанда қолдануға Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берді.«Біз екі елдің уағдаластығы арқасында баға жетпес жүк алдық. Бұл вакцина Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға және одан әрі жақсартуға қызмет етеді. Препарат Алматының егу пункттерінде қолжетімді. Бүгінде Алматыда 300 мыңнан астам адамға екпе салынды, – деді Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін QazVac, Спутник V және Hayat Vax вакциналарының бағасы туралы жазған болатынбыз.