91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Левит төрешілердің даулы шешімімен финалда үнді боксшысы Санжиттен жеңілді.
Sputnik.kz-тің жазуынша, тіпті AIBA комментаторларының өзі Василий Левиттен жеңісті тартып алғанын айтты.Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын медаль алмады. Василий Левиттен бөлек, Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің күміс жүлдегері атанды, ал Сәкен Бибосынов қола медаль иеленді.
Ал боксшы қыздар 8 алтын алды.