Тоқаев: Балалардың жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – маңызды міндет
Тоқаев: Балалардың жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – маңызды міндет
177
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» - деп жазды Президент.