Үш жылда 42 балалар үйі жабылды
Үш жылда 42 балалар үйі жабылды
109
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 210-нан 96-ға дейін, яғни 2 есе, тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайды.

«Үш жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайды. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі оларды қолдайтын орталыққа айналды. Бала асырап алатын ата-аналар міндетті түрде Бала асырап алушылар мектебінен өтеді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін орталықта уланып қалған қыздар туралы жазған болатынбыз.