Қазақстанды әлемге танытқан жас дарындар
Қазақстанды әлемге танытқан жас дарындар
3,904
оқылды

Ел іші дарындыға кенде емес. Оның ішінде кейбірі жарық дүниеге келісімен-ақ өзгешелігі байқалады. Өйткені өсе келе қатарластары ұялы телефон мен гаджеттерден бас көтермей ойын ойнаса, олар бойындағы қабілетін шыңдаумен болады. Бүгінгі мерекеге орай жастайынан әлемді аузына қаратып, таңқалдырған қазақстандық балалар жайында айтылмақ...

[caption id="attachment_142202" align="alignnone" width="997"]дарын ©sn.kz[/caption] Рахат-Би Әбдісағын – талантты композитор, вундеркинд, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Таланты мен еңбекқорлығы үшін Рахат-Биді жұрт «Қазақстанның Моцарты» атап кеткен. 10 жасынан бастап музыка жаза бастаған таланттың туындылары бүкіләлемдік қорға (Оңтүстік Иллинойс университетінің «Discography» оркестріне арнап фортепианомен орындалатын туындылар) кірген тәуелсіз Қазақстанның жалғыз композиторы. Дәл осы қорда әлемдік классиканың үздік үлгілері жинақталған. Онда Бах, Гайдн, Моцарт сынды заманауи классиктердің шығармалары бар.
Рахат-Би тек қана музыка емес, музыкатану оқулықтарын жазады. Ол небәрі 14 жасында «Математерика мен заманауи Музыка» ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Алматылық жігіт  «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты атанды. Өнер иесі небәрі 13 жасында Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық өнер консерваториясына оқуға түсіп, сонымен қатар бір уақытта Италиядағы Santa Cecilia Di Bergamo өнер академиясын тәмамдаған. 18 жасында өнертану ғылымдарының магистрі атанған.
[caption id="attachment_142206" align="alignnone" width="1024"]дарын ©baribar.kz[/caption] 19 жастағы Исаак Мустопуло – «Үйлесім теориясы» жобасының авторы. Тараз қаласының тумасы 15 жасында ғарыш кемелеріне арналған электроэнергияны өндіру жолдарын пайымдаған. Осыдан кейін әйгілі ұлыбританиялық астрофизик, профессор Стивен Хокингпен кездескен болатын. Жас ғалымның жетістіктері де аз емес. Исаак Британ Кеңесі мен National Agency for Technological Development ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған STEM ұлттық инновация конкурсында арнайы жүлдеге ие болған. Сонымен қатар  Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Global IT Challenge 2019 халықаралық конкурсының жеңімпаз атанған. LG компаниясының айрықша мұқтаждығы бар балаларға арналған ақпараттық технологиялар саласындағы байқауға 23 елден 300 үміткер қатысты. Жерлесіміз ақпараттық технология саласындағы ең үздік IT-мамандар ішінен «eLifeMap» аталымында топ жарып, «Best Award» Бас жүлдесін жеңіп алды. Тумасынан сал ауруына шалдықса да, ғылым-білім жолында ешқандай кедергі болмау керегін көрсеткен бірден бір жан. [caption id="attachment_142208" align="alignnone" width="1024"]дарын ©ru.sputnik.kz[/caption] Ал алматылық вундеркинд Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітірмек. Өйткені ол 2 жасында әріп танып, 5 жасында көбейту кестесін жатқа айтқан. Мектепте оқып жүріп бір жылда екі сыныптың бағдарламасын меңгерген. Абзал – үш баланың тұңғышы. 12 жасында мектеп бітіріп, әлемдік деңгейде 1-орында тұрған MIT университетіне қашықтықтан емтихан тапсырады. Нәтижесінде, Америка мемлекетінен оның оқуға түскендігі жайында қағаз келеді. Алайда Бостон қаласының талабы бойынша, кәмелетке толмаған бала ата-анасымен келіп оқуы керек екен. Осылайша, отбасы жағдайына байланысты ол әлемдік университеттен бас тартады. Қазір ол Қазақ-Британ техникалық университетінің үш мамандығын қатар оқып жүр.

Абзал еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде болды. «Жастар жылының» ашылуында ол өз жобасын қорғап, кирилл қарпінен латын қарпіне аударатын конвертер программасын таныстырды. Осы бағдарлама арқылы кириллицадан латын графикасына қазақ қарпіне бір минутта 1200-ден астам кітап аударуға болады.

[caption id="attachment_142209" align="alignnone" width="1024"]дарын ©weproject.media[/caption] Келесі дарынды баланың есімі – Азамат Нукаев. 11 жастағы Азамат менталды арифметикадан өткен онлайн-олимпиадаларда бірінші орын алған. Ол әлемнің әр елінен қатысып жатқан 5 мың студентті басып озып, 69 мың тапсырманы дұрыс шешті. Ол кезде Азамат бар-жоғы 7 жаста еді. [caption id="attachment_142210" align="alignnone" width="1024"]дарын ©baribar.kz[/caption] Жас ғалым Дінмұхамед Майлыбай астрономияға бала күнінен қызыққан. Тіпті, қазір сол салада еңбек етіп жүр. Димаш бүгінде Кореядағы KAIST университетінің студенті. 2016 жылы Кореяда өткен Азия-Тынық мұхит астрономиялық олимпиадасының бас жүлдегері атанды. Алматылық оқушы 16 жасында NASA-ның астрономиялық мектебінде оқу мүмкіндігіне ие болған. Онда 23 елден 55 оқушы қабылданған. Оқушылар Марсты бағындыруға арналған жобаға қатысады. [caption id="attachment_142211" align="alignnone" width="1013"]дарын ©kaz.tengrinews.kz[/caption] Таланттардың ішінде көпшілігімізге таныс Жансая Әбдімәлік те бар. Бүгінде ол Алматы мәслихатындағы ең жас депутат. Шахматшы қыз 2019 жылы 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлемдік рейтингте 1-орынға жайғасқан. Бала кезінен шахматпен айналысқан ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Сонымен қатар ерлер арасындағы гроссмейстер атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар. Ал 9 жастағы Сауат Нұрғалиев болса, бұл осы спорт түрінен еліміздегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат болып есептеледі. Аталған балалар  – еліміздегі таланттылардың бір бөлшегі ғана. Әлі елімізде қарым-қабілеті, дарыны анықталмаған қаншама бала бар. Соның бірі  сіздің балаңыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан баланың қарым-қабілетіне мән берейік, зер салайық...