Жол апатынан 4 адам қаза тапты – Қызылорда облысы
Жол апатынан 4 адам қаза тапты – Қызылорда облысы
124
оқылды

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, оқиға сенбі күні сағат түнгі 23:00 шамасында болған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болды.

Н.ҚАЗБЕК, Қызылорда облысы