Әрине, әлемді жайлаған коронавирус дерті ел халқына ауыр тиіп жатыр. Жұмыссыздық, қымбатшылық экономикалық дағдарысқа әкелді. Ақша құнсызданды. Соған қарамастан әншілер қауымы пәтерден пәтер ауыстырып, қымбат дүние-мүлік сатып алудан тыйылар емес.
[caption id="attachment_142280" align="alignnone" > ©365info.kz[/caption] Мысалы, жақында ғана әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына туған күніне су жаңа Hyundai көлігін сыйлаған. Бұл жайында әнші Instagram-да бөліскен.https://www.youtube.com/watch?v=KAb47S2NPCQ&t=10s&ab_channel=%D0%93%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%90%D0%B1%D0%B4%D1%80%D0%B0%D1%85%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0 Сол секілді әнші Қайрат Нұртас та келіншегінің туған күнін елеусіз қалдырмады. Жұлдыздың 33 жасына элиталық коттеджді қалашықтан үй әперген. Бұл жайында Жұлдыздың өзі де парақшасында бөлісіп, бір ай бойы жөндеу жұмыстарымен айналысқанын айтқан. https://www.youtube.com/watch?v=DGCqG6iezKY&t=41s&ab_channel=StarsNews Жақында ғана әнші Ерке Есмахан да пәтер ауыстырған. Оның шаршы метрі - 250. Алматының қақ ортасында орналасқан пәтерінің суретін әнші "маңдай терімен жеттім" деп жариялаған. [caption id="attachment_142296" align="alignnone" > ©365info.kz[/caption] Еліміздің кең-байтақ жерін аралап, ішкі туризмді дамыту мақсатында әнші Сейфуллин Жолбарыс көлік сатып алғанын айтты. [caption id="attachment_142300" align="alignnone" > ©365info.kz[/caption] Ал коронавируспен ауырып жатқан актриса Әсел Асқар болса, күйеуінен сыйлыққа Гелендваген алған."Жан-жарым, жәннатым автосалоннан су жаңа көлік сыйлады. Ата-ананы қуанту - үлкен бақыт. Екеумізге жұғысты болсын!" дейді әнші Алтынай Жорабавеа.