«Ата-анам мені тезірек алып кетсе екен» – сотталған ер адамның балалары арманын айтты
«Ата-анам мені тезірек алып кетсе екен» – сотталған ер адамның балалары арманын айтты
104
оқылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушының абақтыда отырғанына біраз жыл болды. Оның қазіргі арманы – Балалар үйіндегі екі баласымен кездесу.

«Балаларымды қатты сағындым. Олардың мені күтіп жүргенін жүрегім сезеді. Абақтыдан шықсам, балаларымды жаныма аламын», – дейді сотталушы.

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында ашылды. Мұнда 57 тәрбиеленуші бар. Оның 15-і – жетім, қалғаны 42-сі тастанды балалар.