Тұрғындар аурудың себебін сапасыз судан дейді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ауызсудан сынама алды.
Қызылжар аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанар Кәкімова: «28 мамырдан бастап аудандық ауруханаға құсу, диарея, дене қызуының көтерілгеніне шағымданған адамдар көбейді. Дәрігерлер 78 бала мен 36 ересек адамды қабылдады. Оларға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. 10-ы ауруханаға жатқызылды. Ауданда аяқасты провизорлық орындар ашылды», – дейді.
Бескөл тұрғындарының жаппай ауруына қатысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады.