Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілері төбелесіп қалды
Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілері төбелесіп қалды
99
оқылды
Екі жас жігіт кептеліс жиі болатын көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды. Полиция қылмыстық іс  қозғады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 31 мамырда сағат 10:30-да Шоқан Уәлиханов көшесінде болған. Ресми мәліметке сәйкес, "Chevrolet" пен "Daewoo Nexia" жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалған. Жанжалдың арты төбелеске ұласты. "Екеуі де ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді полицейлер.