Фильмге Елбасы өмірінің тарихи үзіктерімен қоса, ел тарихындағы елеулі оқиғалар арқау болған еді. Туынды киносыншылардың оң бағасына ие болған. Алайда хронометражға байланысты фильмге енбей қалған сахналар да болыпты. Бұл туралы Сара Назарбаеваның рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек D’ÖNER YouТube арнасына берген сұхбатында айтты.
Сценарий авторы және режиссер Сергей Снежкин алдымен актрисаға үлкен міндет жүктеліп отырғанын түсіндірген. Актриса фильмде, негізінен, кейіпкерінің жеке өмірін көрсетуге тырысқанын айтады.«Иә, ол – бірінші леди. Ханшайым. Ханым дейміз ғой. Оның жеке өмірі қандай? Мысалы, ел азаматының жары болу да оңай емес қой. Оның ар жағында қанша ұйқысыз түндер. Ол үнемі жұмыста. Сен алаңдайсың. Біз кішкене Сара апайымыздың сол жағын көрсеткіміз келді. Жалпы, мақсаты Сергей Олеговичтің сондай болды. Бірақ, өкініштісі, әрине, жаңағы киноға хронға байланысты тек екі сахна ма, үш сахна ма кірді ғой. Көп емес. Сценарийде жалпы басқа да сахналар болған. …Олардың әңгімелері. Оны жұмыстан күтіп отырады. Ол келеді. Сондағы бір сахна бар. Одан кейін ол қайтыс болды деген хабар келеді. Сондай бір сахна бар. Біз кетейікші бұл жерден, осының бәрін тастап. Жалпы, адам сияқты отбасы құрып өмір сүрейікші деген. Бірінші жазған текст бойынша оған «Жоқ. Мен бастадым ғой, аяғына дейін баруым керек. Менің міндетім деп білемін!» деп, сондай бір жақсы сахна болды», – дейді ол.Әңгіме барысында актриса «Анаға апарар жол» фильміндегі образы, өзіне көңілі толмаған тұстары жайлы да айтып өтті. Кейіпкерін бірсарынды болды деп есептейді. Алайда режиссердің айтқанын тыңдаған.
“Мен үшін бұл дүние өте қымбат. Қайталанғым келмейді. Бірақ өзім ойладым. Кішкене менің кейіпкерім монотонный болды ма деп. Түсірілім алаңында мен соны алаңдап жүрдім. «Ақан аға, кішкене мен бір планда болып жатқан жоқпын ба? Кішкене менде де бір жарылыс болуы керек шығар енді. Бұл бейшара әйел” деп. Сол кезде маған аға айтатын: «Эмоцияналды жағын сіздің балаңыз арқылы көрсетеміз. Сіз сондай бір сабырлы, ұстамды ананың бейнесінде болуыңыз керек» дегеннен кейін мен тоқтадым. Мен келістім ол кісімен. Өйткені, ол – режиссер», – дейді актриса.https://youtu.be/1a0CLMC90BY