Ақмола облысында өзен жағасынан екі әйелдің денесі табылды
Ақмола облысында өзен жағасынан екі әйелдің денесі табылды
117
оқылды
Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің жағасынан екі әйелдің денесі табылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда тұрғындардың бірі 2 әйелдің теміржол саяжайы аумағындағы Шағалалы өзеніне қарай кетіп, қайтып келмегені туралы кезекші бөлімге хабарлаған.
«Тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы әйелдің денелерін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот-медициналық топ олардың денесінде күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде, мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», – деді ведомстводан.