Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
81
оқылды
"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 2 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Павлодар облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Кей жерлерінде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.