Қарағанды қаласының орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды inform.kz. 1 маусым күні, сағат 19:57-де Қарағанды қаласы Гоголь көшесіндегі бес қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған.
«Оқиғада 2 бөлмелі пәтердің тірек конструкциялары бұзылмаған, бірақ ішкі бөлікке зақым келген. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке басы анықталуда», – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.Үйден 10 адам эвакуацияланды.