1 маусым – Балаларды қорғау күні халықаралық мерекесіне орай «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен «Jas Otan» Жастар қанаты игі істі үйлестіріп, балаларға тамаша сый жасады.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 50 бала Түркістан қаласына саяхат жасап, жаңа әрі тартымды демалыс орындарын аралады. Атап айтар болсақ, Сайрам ауданындағы балалар үйінің 30 тәрбиеленушісі мен Отырар ауданы және Кентау қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан 20 жасөспірім бала Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті. Сонымен бірге кесене маңындағы жаңа кейіпке енген демалыс орындарын аралады. «Керуен сарайда» тыныққан балалар қабылдау орталығына келіп, Түркістанның тарихымен, туристік орындарымен танысты. «Сиқырлы керуенде» асыр салып ойнап, тарихи-мәдени этнографиялық орталығын тамашалады. «Хандар ордасы» монументіне барып, қазақ хандарының тарихымен танысты.Әбілмансұр ЖАСАН