Дауыл салдарынан 3 сауда орнының, 2 мектеп, 5 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, аулада тұрған автокөліктердің үстіне құлады.
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалпы ғимараттардың 3223 шаршы метр шатыры ұшты. 6 автокөлікке зақым келді. 2016 жылы туған бала зардап шеккен. Қаратау ауданы Нұрсат шағынауданында, Қызыл су, Испиджаб, Өтеміс, Сайрам, Шапырашты тұрғын алаптарында электр жарығы өшіп қалды.Төтенше жағдайлар департаменті 1 маусымда қалада дауыл соғатынын халыққа алдын ала ескерткен. Желдің жылдамдығы секундына 26 метр болды.Апат болған аудандарда Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 24 адам, 7 техника, «КазТрансГаз» АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-нің 3 қызметкері, 1 техникасы, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-нің 70 қызметкері, 10 техникасы жұмыс атқарған.