Кредит беретін кассирді тонаған ұрыларды полицейлер 10 минутта ұстады
Кредит беретін кассирді тонаған ұрыларды полицейлер 10 минутта ұстады
134
оқылды

Олар С.Тюленин көшесі бойында тапатал түсте кассир К-ны пышақпен қорқытып, 60 мың теңгесін тонап кеткен. Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлады.

Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері А.Шулимов пен А.Бақытжанов 10 минут ішінде екі ұрыны ұстады. Жасы 20-25-тер шамасындағы екі ер адам қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты қарақшылық, яғни ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.