Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті
Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті
155
оқылды

Әйелдер балаларын карусельге отырғызуға өзара таласқан. Адам көп жиналғандықтан кезектің соңы дау-дамайға ұласқан.

Бір күн бұрын әкімдік сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін ойнай алатынын хабарлады. Оқиғаның мән-жайын әкімдік өкілі түсіндірді.

«Орталық саябақта тұрғындар карантин нормаларын сақтамады. Сондықтан Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – дейді әкімдік өкілі.

Саябақ қызметкерлері әйелдерді сабырға шақырғанымен, оларды ешкім тыңдамады.