Түркияда сегіз елдің жолаушысы 14 күн карантинде болады
Түркияда сегіз елдің жолаушысы 14 күн карантинде болады

Анадолы агенттігінің мәліметінше, Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан Түркияға барғысы келетін жолаушылар, сондай-ақ, соңғы 14 күн ішінде осы елдерге барып қайтқан адамдар ПТР тестін келерден 72 сағат бұрын тапсыруы тиіс.

Олар Түркияда арнайы орындарда 14 күн карантинге орналастырылады. Сондықтан Бразилия мен Оңтүстік Африка Республикасымен әуе қатынасы қайта жанданды. Сондай-ақ Ұлыбритания, Иран, Египет және Сингапурдан келгендер де ПТР тесті ұшар алдында 72 сағат бұрын тапсыруы тиіс.