Жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайы: Артур Платонов ақылы жолдардың проблемасын айтты
Жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайы: Артур Платонов ақылы жолдардың проблемасын айтты
179
оқылды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тағы парақшасында жазды.

Депутат жүк көлігі жүргізушілерінің мәселесін шешуді Nur Otan партиясы бақылау комитетінің отырысында талқыға салды.   Ол проблеманы шешуді кейінге қалдырмай, жүргізушілердің мәселесін бүгін шешу керек деген талап қойды.

«Еліміздегі ақылы жолдардың сапасы сын көтермейді. Тақтайдай тегіс болуы тиіс жолдар шұрық-тесік. Жолдың сапасын қадағалайтын жауаптылар қайда қарағаны, жол сапасын қалай тексергені беймәлім. Бізде жолдың «жыры» бітпейді. Есеп-қисапта «бәрі керемет» деп жазылғанымен, ақылы жолдардың аты затына сай емес. Сондықтан ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайына құлақ түріп, мәселені тез арада шешу керек», – деді Артур Платонов.