Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтіп жатқан турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтіп жатқан турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
201
оқылды

Жансая Әбдімәлікті ең жоғары шахмат атағы – халықаралық ерлер гроссмейстері мәртебесіне қол жеткізіп, Гибралтарда өтіп жатқан «FIDE Women`s Grand Prix» (FIDE әйелдер гран-при сериясының қорытынды кезеңі) беделді шахмат турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлап, чемпионды құттықтады.

Әрине, бұл Қазақстан Республикасы үшін айтулы оқиға! 21 жастағы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ерлер гроссмейстері атағына ие болған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ, алғашқы Орталық Азия өкілі атанды. ФИДЕ әйелдер Гран-приінің Гибралтар кезеңінің тоғызыншы турының қорытындысы бойынша алты сағаттық табанды күрестен кейін Жансая Әбдімәлік Ресейден келген халықаралық гроссмейстер Валентина Гунинамен өткізген партияда тамаша жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Жансая ерлер гроссмейстері атағын алу үшін рейтингке қойылатын талаптарды орындап, турнирдің аяқталуына екі тур қалғанда қалған шахматшылардан екі ұпайға оза түсті. Халықаралық гроссмейстер, блиц, рапид бойынша бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Екатерина Лагномен оныншы турда тең ойнап, турнирдегі жеңісіне алдын ала қол жеткізді.