Шымкентте аю сатып жатыр – видео  
Шымкентте аю сатып жатыр – видео  
204
оқылды

«Информбюро» бағдарламасы жүргізушісінің айтуынша, аюды иесі 2000 долларға сатпақ.

Шымкенттегі циркте жабайы аңдар өнер көрсетпейтін болғандықтан, артист аюды сатуды ұйғарған.

«Бес жастағы аю өзімдікі. Бұрын Ресейден әкелдім. Циркте өнер көрсетті. Кейін циркте жыртқыш аңдар өнер көрсетпейтіндіктен үйде асырадым», – дейді аюдың иесі.

Аю саудасына қатысты жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген. Аюдың иесінде расымен де аюды сату-сатып алу келісімшарты бар. Бірақ оны қолда ұстап, асырауға рұқсат беретін құжаты жоқ дейді мамандар. Рұқсат қағаздары түгел болмағандықтан аю уақытша Шымкент циркте тұр. Құжаты түгенделсе, сатуына рұқсат етіледі дейді мамандар.

«Шымкент цирк» жарнама бөлімінің меңгерушісі Сұлтанхан Аманов: «Ол аюды иесі асырайды. Артист Шымкент циркте қызмет істейді. Мемлекет, Шымкент цирк тарапынан аюды асырауға қаржы бөлінбейді. Пандемия салдарынан циркте аңдар қойылымға қатыспайтын болғандықтан сатып жатыр», – деді.

  https://youtu.be/XMI2p2zupSQ?list=PLn2OyECVOtB96UhfevBaa5yO1Jvs5cqWk