Мемлекет басшысы шахматшы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы шахматшы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады
119
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты. Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды. 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болды.