"Қазгидромет" РМК 3 - 5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Оңтүстік циклонның өтуімен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. 4 маусымнан бастап Скандинавия аудандарынан антициклонның енуімен республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр. Түнде температура 2-7 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін, ал еліміздің оңтүстік жартысында түнде 10-22, күндіз 28-35 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.